← Назад к каталогу
Таңдамалы шығармалар алты томдық, Абай, Бірінші том

Таңдамалы шығармалар алты томдық, Абай, Бірінші том

Авторлар: Мұхтар Әуезов

Шығыс деректері: Алматы, 1955 г.

Таңдалған басылымдар қор нөмірі 312009

Аннотация:

М.Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқының, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, шығармалық және қайраткерлік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған. Кітаптың басында Абай қаладан далаға бара жатады, асығып, алып-ұшып, ауылын сағынып келе жатады; ал кітаптың аяғында - даладан қалаға кетіп бара жатады, қарама-қарсылыққа, қайшылыққа толы өз аулынан өзі безіп, түңіліп қашып бара жатқандай. Кітаптан осы екі арадағы он шақты жылда ауылынан Абай көрген жайды, Абай кешкен хәлді, Абай ұққан, Абай сезінген, Абай түйсінген сырларды бір шолып пайымдауға, тек Абай басында болған өзгерістерді ғана емес, басқа кейіпкерлердің бәрін бір атмосфераға алған үлкен эволюцияны аңғаруға болады. Кітапта осы атмосфера, кейіпкерлердің эволюциясы және олардың уақыт бойынша дамуы қарастырылады.

Файлдар