Авторлар: Мұхтар Әуезов
Шығыс деректері: Алматы, 1953 г.
Таңдалған басылымдар қор нөмірі 7077
Аннотация:
М.Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы -«Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқының, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, шығармалық және қайраткерлік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған. Кітаптың екінші томында орыс классиктерінің шыншыл дәстүрінен сусындаған Абайдың ендігі күрес жолының бір ұшы Россиядағы азаттық қозғалысымен жалғасады. Бірақ реалист-жазушы тарихи шындық шеңберінен шықпайды. Абай алдынан тағдырдың тартары - революционердің үлесі емес, ағартушы ақынның сыбағасы екенін ұмытпайды. Дегенмен, қазақ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздіктер мен күрес тақырыбы кітаптың күллі идеялық мазмұнын кеулеп, сюжеттік арқауына айналып кеткен. Жаңа мен ескінің тартысы енді осы арнада жүреді. Бұл тайталастар бұрын ауыл аясында болса, енді қала тіршілігін де қамтиды. Кітаптан Абай көрген жайды, Абай кешкен хәлді, Абай ұққан, Абай сезінген, Абай түйсінген сырларды бір шолып пайымдауға, тек Абай басында болған өзгерістерді ғана емес, басқа кейіпкерлердің бәрін бір атмосфераға алған үлкен эволюцияны аңғаруға болады. Кітапта осы атмосфера, кейіпкерлердің эволюциясы және олардың уақыт бойынша дамуы қарастырылады.