Авторлар: Ғабиден Мұстафин
Шығыс деректері: Алматы, 1951 г.
Аннотация:
Шығанақ - дүние жүзіне әйгілі, қазақ әдебиетінде шаруа тақырыбына, шынайы өмірден алынып жазылған роман. «Шығанақ» романы - нақтылы өмір кешкен, кезіндегі тары өсіруден бірнеше рет дүниежүзілік рекорд жасаған дихан Шығанақ Берсиев өміріне негізделген шығарма. Романда бас қаһарман бейнесінің сомдалып және Шығанақтың қоршаған ортасы, араласқан адамдары, тілектестері мен қарсыластары түрлі қырларынан көрінеді. Солардың қатарына азын - аулақ жиған - тергеніне қатер төнгенде, үй - ішімен колхоздан қашып, тыныштық іздеп шыққан, кейіннен Шығанақтың сенімді жолдасы болған адал еңбекші табиғатынан момын, ешкіммен ісі жоқ кейіпкер -Олжабек бейнесін бөліп көрсетеді. Сөйтіп, жазушы сайы мен саясы мол өмірді, қаға берісі мен қалтарысы көп адам тағдырын бар болмысымен тұтастай ашады.